Сейсенбi, 16 Қазан 2018 г. 10:45

Көше атауы ауыстырылды

2018 жылдың 12 шілде күні Күршім ауылындағы Молодежный көшесінің атауы облыстық мәслихаттың шешімімен ауыстырылды. Ол көшеге Күршім ауданына танымал ҰОС ардагері, соғыстан кейінгі жылдарда еліміздің өркендеу жолында елеулі еңбегін сіңірген жерлесіміз, "Ерен ерлігі", "Ерен еңбегі" медальдарының иегері Қайшентаев Ақмыш Қайшентайұлының есімі берілді. Көшенің  салтанатты ашылу рәсіміне мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері, жастар және ұрпақтары қатысты. Салтанатты рәсім "Шабыт" үйі әншілерінің орындауында Ж.Сейіловтың "Әке туралы ой" әнімен басталды. 
     
Күршім ауданы әкімінің міндетін атқарушы М.Қалелов, Алматы қаласынан келген "Аға мұғалім" атағының иегері, "Отан патриоты" медалінің иегері, тыл және еңбек ардагері Кеңесбек Құрманғалиев, Қостанай облысынан келген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрметті ардагері Мираш Жұмашевтар құттықтау сөз сөйлеп, Елін, жерін қорғауға жанқиярлықпен ерлік көрсеткен, сол жерімізді бүгінгі жас ұрпаққа аманат еткен, туған Отанның гүлденуіне үлес қосқан Ақмыш Қайшентайұлының есімі мәңгі сақталатынын айтты. Іс-шараның жалғасы  ҰОС ардагері Ақмыш Қайшентайұлын еске алу құрметіне орай арнайы ұйымдастырылған  40 жастан асқан ардагер спортшылар арасында облыстық волейбол турнирімен өз жалғасын тапты.