Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018 г. 11:38

Өскеменде өтетін «Altai Invest-2018» инвестициялық форумында әлемнің 18 мемлекетінің өкілдерінің қатысуы күтілуде

26 қыркүйекте Өскеменде «Altai Invest-2018» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форумға қатысу үшін әлемнің 18 мемлекетінен 300 делегат – дипломатиялық корпустардың, мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері, Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Иран және тағы да басқа мемлекеттерден инвесторлар шақырылмақ.
Форум кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу, облыстағы бизнес ортаны жақсарту тапсырмаларын шешу, сондай-ақ ШҚО дамыту үшін үздік инвестициялық жобаларды ұсыну үшін платформа болмақ.
Форум аясында В2В кездесулер, өзекті мәселелер бойынша роуд-шоу, инвестициялық жобалар көрмесі, өнеркәсіп, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешені, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік сияқты салалардағы Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық жобаларының таныстырылымын өткізу жоспарлануда.
Форумға қатысушыларға өз өнімдерін таныстыруға, жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылауға, менеджмент бойынша жаңа білімдер алуға, қорларды тиімді пайдалануға және өз кәсіптеріне инвестициялар тартуға зор мүмкіндіктер беріледі.
Сондай-ақ осы шараны өткізу әлеуетті инвесторларға өңірде бизнесті жүргізудің экономикалық, құқытық және басқа да шарттарын үйренуге, инвестициялық әлеуетпен танысуға, сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастың болашағын ресми және іскерлік орта өкілдерімен талқылауға мүмкіндік береді.
Форумның қорытындысы бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қою жоспарлануда.