Сәрсенбі, 22 Тамыз 2018 г. 11:38

«Медиация – дауды шешудің  жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Күршім аудандық аудандық сотында «Медиация – дауды шешудің жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы Н.Б.Байжумин, адвокаттар және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Сот төрағасы Н.Б.Байжумин өз сөзінде, медиация - тараптардың ерікті келісімі арқылы жүзеге асырылатын, өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасындағы дауларды (дау-шарды) реттеу рәсімі екенін.

Медиация саласы жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де қатынастардан туындайтын даулар (жанжалдар) болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, шағын және орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында қаралатынын айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар істерді қарау барысындағы әр саладағы мәселелерді, сонымен қатар, қылмыстық сот ісін медиация тәртібімен жүргізудегі мәселелер талқыланды.

Іс шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар піркірлерімен бөлісті.

Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.