Дұйсенбi , 20 Мамыр 2019 г. 07:33

«Қыс қызығын тойлаймыз» - атты мерекелік шара

9   наурыз  күні   Орталық  алаңда  Қысты шығарып  салу  мерекесіне арналған   «Қыс қызығын тойлаймыз» - атты  мерекелік  шара  өтті. Мереке  барысында  аудандық  мәслихат  хатшысы М.Сағанақов  халықты мерекемен   құттықтады. Мереке барысында қуыршақ   жағу рәсімі  болды. Сондай-ақ   барлық  мекемелер «Частушки» байқауына  қатысып,өз өнерлерін ортаға салды. Байқау  қортындысы бойынша   I- орынды  №1 орта  мектебі, II орын №3 Күршім  мектеп –гимназия, , III  орынды   «Күршім» бала бақша ұжымдары  иеленді.Биылғы жылы  дәстүрлі түрде дастархан мәзірінен де байқау  ұйымдастырылды. Байқау  қортындысы бойынша  Бас жүлдені  «Күршім» бала бақша ұжымы, I орынды  №4 орта  мектебінің ұжымы, II орынды Аудандық  аурухана және  Жұмыспен қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, III орынды  №5 орта  мектебі,№1 орта  мектебі,аудандық эканомика және қаржы бөлімі иеленсе.Көтермелеу сыйлығын Күршім ауылдық округі иеленді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Аудандық мәдениет үйінің әншілері  әннен шашу шашып көрермендердің көңілдерін қөтерді. Мереке  жоғары денгейде өтті.