Дұйсенбi , 25 Наурыз 2019 г. 08:23

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні аталып өтті

2019 жылдың 7 наурызы күні аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиын Мемлекеттік  Гимнді орындаудан басталды. Жиынға ауданның ауылдық округтерінен,  елді мекендерінен келген ақ жаулықты аналар,  көп балалы аналар, еңбек ардагерлері, қазіргі күнде еңбек етіп жүрген әйел азаматшалар  шақырылып,  аудан әкімі Д.Қажановтың    құттықтауы мен марапатына ие болды.  Жиын соңы  Мәдениет үйінің ер азаматтары ұсынған  мерекелік концерт,  аудан әкімінің қабылдауына ұласты.