Дұйсенбi , 25 Наурыз 2019 г. 08:25

Жоғарғы лигаға өтті

2018-2019  жылдары Өскемен  қаласында әуесқой  командалар арасында  1 лига ойыншылары арасында  футзалдан  облыс біріншілігі өтті. Еске ала кетсек  аяқ допшылар 2-ші лигада чемпион ьолып, 1-ші лигаға  жолдама алған болатын.

1-ші  лигаға  жолдамаға 12 команда қатысты.  Осы 12 команданың ішінде Күршім ауданының құрама командасы да бар.  Жалпы бұл біріншілікте  біздің  спортшылар  22 ойын  ойнады. 3 айға созылған додада 3 орынды –Жастар, 2 орынды-Күршім, 1 орынды-ДимСтрой-Белоусовка командасы иеленді. 

Турнирдің «Үздік шабуылшысы» болып Күршім құрама командасы капитаны Азамат Сабырбеков  атанды.  Бұл біріншілікте   үздік жетістікке жеткен спортшыларымызға айтар алғысымыз зор.