Дұйсенбi , 25 Наурыз 2019 г. 08:23

Волейболдан турнир өтті

9 наурыз күні Марқакөл ауылында 8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесіне орай №1 Марқакөл орта мектебінің спорт залында әйелдер арасында волейболдан дәстүрлі турнир өтті. Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан әрбір мекемелерден төрт команда жарысқа шықты. Бабы мен бағы келіскен Ауыл жастары құрама командасы кәсіби шеберліктерін танытты.

Сондай-ақ, айтулы №1 Марқакөл орта мектебі, №2 Теректі орта мектебі, Күршім колледжі командасы жақсы ойын өрнегімен көзге түсті. 4 команданың ішінде дара шыққан, «Ауыл жастары» командасы бірінші орынды еншіледі. Екінші орынды Күршім колледжі  командасы қанжыласа, үшінші орынды №2 Теректі орта мектебінің  командасы қанағат тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша командааралық және жекелей танылған жарыс жеңімпаздарына  арнайы жүлделерді табысталып, марапатталды.