Дұйсенбi , 20 Мамыр 2019 г. 07:33

«Үш бәйтерек тағылым мен тағдыр» тақырыптық кеш

2019жылдың 12 наурызы күні   «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Г. Кегенбаева «Үш бәйтерек тағылым мен тағдыр»  атты тақырыптық кеш өттіі.  Кеш барысында кітапханашылар Р. Кенжеханова, Г. Жакупова ұлағатты адамдардың өмірімен, шығармашылық жолымен, азаматтық тұлғасымен таныстырды.  

Мәдени шараға  № 4 Күршім орта мектебінің 6 сынып оқушылары  қатысты. Ақын жазушылардың өлеңінен № 1 Күршім орта мектебінің оқушылары   үзінділерді жатқа оқыды. Шара барысында қаламгерлердің өмірі жайлы бейнебаян,  тақырыпқа сай слайд, «Үш бәйтерек мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.№ 1 Күршім орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі,  ұлағатты ардагер ұстаз Ашманова Ғалия Тоқанқызы қазақтың ақын классиктері туралы өз ойын ортаға салды.

Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өткендіктен қазақ халқы оларды «Үш бәйтерек» деп атаған.