Дұйсенбi , 20 Мамыр 2019 г. 07:32

Мұз үстіндегі іс-қимыл ережесі

Біздің көлдер мен өзендерде балықшылар, балалар, тіпті жәй асығып бара жатқандар қысылтаяң жағдайға түсіп – мұздың астына құлап кетуі болмаған жыл болған емес. Мұндай жағдай сізбен болмауы үшін қарапайым ережелерді сақтауға тырысыңыз:

- Мұзға аяқ баспай тұрып, алдымен өзіңіздің алдыңызға назар салып қараңыз. Мұздағы қауіпті жерлер түсімен өзгеше көрінеді. Олар басқаларға қарағанда күңгірттеу болып келеді. Бірақ ең қауіпті жер болып мұзға түсу жері болып саналады. Оның құрғақ жермен «жанасқан» жерлерінде көбінде сызаттар болады. Мұз асытнда ауа жиналып, оның беріктігін азайтады. Ең жақсысы қатып қалған су айдындарынан шаңғымен өткен дұрыс. Өзенді немесе көлді мұз бойынша өткенде екеулеп, бір-бірінен бірнеше метрлік аралықпен және бір ізбен өткен қауіпсіз. Егер сіз жалғыз болсаңыз, онда берік қадамен қарулануға тырысыңыз. Суға құлаған жағдайда ол сізге аяғыңызды сыртқа шығаруға көмектеседі. Содан кейін жылымнан аулақ  «аунап» берік мұзға ауысыңыз. Мұндай құралдар үнемі қолда болмайды. Сондықтан егер сіз, күтпеген жерде суық суға түсіп кетсеңіз, онда ең бастысы – байбалам салмаңыз! Баспен судың астына батып кетпеу үшін бірден қолды алшайтып қоюға тырысыңыз. Мүмкіндігінше жылымның ағысы ақырын, мұз астына тартпайтын жағына ауысыңыз. Егер жаныңызда ешкім болмаса, онда айқайламаңыз – онымен тек күшіңізді жоғалтасыз. Ең жақсысы мұз жиегін сындырмай және шалт қозғалыс жасамай қатты мұзға шығуға тырысыңыз. Мұнда басты әдіс – тіректің кең ауданына дене салмағын түсіріп, сондан кейін көтеріліп барып шетке ауысу қажет. Мұздың сыңған жерінен шашырап шыққан су мұзды тайғанақ қылады және қолдың жұмысын ауырлатады. Кебір балықшылар бұл үшін өздерімен екі үлкен шеге алып жүреді. Олардың көмегімен оңай тұруға болады.

-         Егер сіздің көз алдыңызда адам мұз астына құласа – дереу оған көмекке келе жатқандығыңызды айтыңыз, - бұл оны тыныштандырады және күш береді. Жылымға тек еңбектеп жақындауға болады. Әйтпесе екеуіңізде суға түсесіздер. Тірек ауданын үлкейту үшін - ең жақсысы өзіңіздің астыңызға шаңғы, таяқ салыңыз. Батып бара жатқанға арқан, байланған белбеулер, мойын ораушы, сондай-ақ шана немесе ұзын қалыпты заттарды жылымға дейін 3-4 метр аралықтан лақтыру қажет. Оның жиегіне еңбектеп баруға тыйым салынады.

Зардап шеккен суда тез «жансызданады», сондықтан табанды және шапшаң әрекет жасау қажет. Ағзаның сууы жылымға түскеннен кейін 10-15 минуттан соң басталады. Адамды жылытудың ең жақсы әдісі – одан су болған киімін шешіп, өзіңізде шешініп және ұйықтауға арналған қапқа оның қасына жату. Ыстық сусын беру қажет. Ішімдік үзілдікесілді болмайды, өйткені ол шеткі қан жүретін тамырларды кеңейтеді және одан дене температурасы түседі. Ұйықтауға арналған қап болмаған жағдайда, онда киімді сығып, құтқарылған адамға қайта кигізу керек. Полиэтилен пленкалары болса, жақсы. Онымен адамды орауға болады, парниктегідей әсер алады. Және де жылы жайларға жылдам жетуге тырысыңыз.

 

Күршім ауданының  ТЖБ ақпараты