Жұма, 19 Сәуір 2019 г. 12:54

«Сағымдай  болған  бұл  күндер»-атты концерт

5 - сәуір күні Қ.Тұрар  атындағы  аудандық  мәдениет үйінде   халқымыздың  ән  қазынасын  өзіндік үнімін,  әсерлі  бояуымен  байытқан, артында  өшпес мұра  қалдырған саңылақ  әнші - сазгер О.Көшеровтің әндерінен «Сағымдай  болған  бұл  күндер» - атты концерт ұйымдастырылды.  Концерт  барысында сазгердің  әндерін  ауданға танымал  өнер жұлдыздарымен қоса, әуесқой әншілер нақышына келтіре орындап, көрерменнің  көңілінен  шықты. Концертке  Құйған, Қалғұты, Бурабай  ауылдық  клубының  меңгерушілері   Л.Пшенбаева, Б.Ареков,  М.Муканова қатысты. Жастар орталығының әдіскері Г.Оразаева орындауында  «Сәулетай», №3 Күршім  мектеп гимназия  қызметкері  Б. Солтанғожинов «Қос  құлыным» атты әндерін нақышына келтіріп орындады. Әр жыл сайын дәстүрлі  түрде өтетін кеш биылғы жылы да өте жоғарғы деңгейде өтті.