Жұма, 19 Сәуір 2019 г. 13:10

«Тәуелсіз  елдің болашағы  -жастар» - аудан  жастарымен кездесу  кеш                     

2019 жыл «Жастар  жылы» деп жариялануына байланысты   8- сәуір  күні  Қ. Тұрар  атындағы аудандық  мәдениет үйінде  «Тәуелсіз  елдің болашағы  -  жастар»  атты кездесу  кеші өтті.  Кешке   кеш  иелерінің  әріптестері,  достары, аудан  орта мектептеріндегі жоғарғы сынып оқушылары  қатысты. «Жас  келсе  іске» демекші,  жаңалықтарға  жатырқамай  заманауи   оқыту  үлгілерін  меңгеруге  бар  ынта жігерін  жұмсайтын, болашағынан  зор  үміт  күттіретін, бүгінде  ұстаздық  қызмет   атқарып  жатқан  жастарымыз  баршылық. Солардың  бірі  2011 жылы Семей педагогикалық институтын үздік дипломмен бітіріп, алғашқы еңбек жолын Күршім №1 орта мектептен бастаған, «Жас мұғалім – 2014» байқауынынң бас жүлде иегері, 2015 жылдың «Ең үздік жыл мұғалімі» номинациясының иегері, жастар мәслихатының депутаты, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, Күршім №1 орта мектебінің қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі Ардақ Темирғалиева,  және   қазіргі таңда осы керемет мамандықтың баспалдағын «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында  Қойтас орта мектебінен бастап, бүгінде Алғабас орта мектебінде жұмыс атқарып жүрген жас маман, жастар мәслихатының депутаты, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, «2018 жылдың жас үздік мұғалімі» номинациясының иегері Елдар Болатқанұлы.

Кеш    барысында  оқушылар қонақтарға   сұрақтар  қойып, кеш  иелері ұтымды  жауап берді.Аудандық  мәдениет үйінің әншілері   әннен  шашу  шашып, кештің   әсерлі  өтуіне өз  үлестерің  қосты. Кеш  соңында   аудандық мәдениет,  тілдерді  дамыту  және  спорт, дене-шынықтыру  бөлімінің   басшысы   Б. Ф.  Өлмесеков  құттықтап, алғысын  білдірді.