Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 г. 03:44

«Жасампаз  елдің  жастары» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы

Жас таланттардың өнерін дәріптеу,талантты жастарды халыққа таныту  мақсатында    8 сәуір күні   Қ. Тұрар  атындағы  аудандық Мәдениет үйінде   Жастар  жылына  арналған «Жасампаз  елдің  жастары»  атты мектеп оқушылары мен жастар  арасында  көркемөнерпаздар  байқауы  өтті. Байқау шымылдығын   Күршім ауылдық окрігіне қарасты №5 Күршім орта мектебі мен Алғабас орта мектебінің өнерпаздары  ашты. Концертке барлығы  80-аса   өнерпаз қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Өнерпаздар ережеде көрсетілген барлық  жанр  түрлеріне  қатысып,  көрерменнің   ықыласына  бөленді. Әділқазылар алқасы   хор  ұжымының, бишілер  тобы, жеке би, интермедия, театрландырылған көріністерді жоғары бағалап, Гала концертке алды. Концерттің көркемдігі, сахналық костюмдері, репертуар таңдауы өте жоғары болды.