Жұма, 19 Сәуір 2019 г. 12:56

«Ғылым мен ғарыш күні» атты тақырыптық кеш өтті

2019 жылдың 11 сәуірі күні «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханасында ғылым мен ғарыш күні аталып өтті.

Кітапханашы Р. Кенжеханова  қазақтың осындай текті дәстүрінің соңғы кезде өрісін ұзартқан тегеурінді  туындыларының бірі жазушы Медеу Сәрсекенің “Қазақтың Қанышы” атты ғұмырнамалық роман-эссесіне шолу жасап өтсе, кітапханашы Г. Жакупова Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург Міржақып Дулатовтың  шығармаларына, «Шындық шырағы» атты кітабына шолу жасады.

Кітапханашы Г. Кегенбаева ұлтымыздың біртуар ұлы, ерекше дарын иесі, қазақтың ұлы ғалымы, ұлы ағартушы,  шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбек жолы, шығармаларына тоқталып өтті.

«Ғарышқа ұшқан үш қазақ» атты тақырып бойынша  кітапханашы Г.Жаменкенова келген оқырмандарды киелі қазақ жерінен ғарышқа ұшқан ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтар туралы толық  мағлұматтар берді.