Жұма, 19 Сәуір 2019 г. 13:06

Ертеңгілік өтті

2019 жылдың 11 сәуірі күні  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы Г.Жаменкенова №3 Күршім гимназиясының, № 4 Күршім орта мектебінің 1 сынып оқушыларымен   «Келді  көктем далаға, келді әсем шағала» атты ертеңгілік өткізді.

Ертеңгілігіміздің қызықты болып өту үшін, балаларға арнайы тапсырмалар берілді.  Тапсырма сұрақтарына  жарыса жауап бере білді.

Оқушылар жыл құстарына арнап өлең жодарын оқып,  слайд арқылы әр түрлі құстармен танысты  және бейнероликтер арқылы дауыстарын естіп тамашалады. Халқымыз құстардың келуіне,  кетуіне қарап болжамдар жасаған,  балалар осы  болжамдармен бейнеролик арқылы таныстырылды. Ертеңгілікте « Құстар- біздің досымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу өткізілді.