Бейсенбі, 18 Шілде 2019 г. 15:42

Жарыстар өтті

2019 жылдың 9 мамыры  күні Сарыөлең ауылдық округінің иппоромында  жорға жарысы, тай жарысы,  бәйге өткізілді. 25 км   жарысқа 12 ат қатысып, 1 орынды  Топтерек ауылынан  Кенжеканов Бейбіттің  «Жалау» атты  сайгүлігі, 2 орын Күршім ауылынан Камалханов «Оқжетпес» атты сайгүлігі , 3 орын  Ақши ауылынан  Әбікенов Әділдің

«Тәштақ» атты  сайгүлігі, 10 км  16 ат қатысып 1 орын  Кенжеқанов  Бейбіттің  «Қозыкүрең» атты сайгүлігі, 2 орын Камалханов Әлиханның  «Бүркіт» есімді сайгүлігі, 3 орын Әбденов Кенжебектің «Еркемай» есімді сайгүлігі иеленді. Жорға жарысына 3 ат қатысып 1 орын  Маралды ауылдық округінен  Оразаев Төлеуханның  «Мустанг» есімді сайгүлігі, 2 орын Сарыөлең ауылдық округінен Сегізбаев Еріктің  «Қозыкүрең» есімді сайгілігі, 3 орын Сарыөлең аулдық округінен Серікбаев Аянның  сайгулігі  иеленді.  5 км тай жарысында  Қайыңды ауылынан  Санжар Төлеуханның. 2 орынды  Қалғұты ауылынан  Сеиказин Әдөктің, 3 орынды  Сарыөлең ауылынан  Маяқпаев Солтанның сайгүліктері иеленді.  Жүлделі орын алған спортшылар аудан әкімінің мадақтама грамоталарымен ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.