Бейсенбі, 18 Шілде 2019 г. 15:48

«Үлгілі отбасы-тәуелсіз елдің тірегі» атты кеш

2019 жылдың 13 мамыры күні  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Г. Кегенбаева 15  мамыр - Халықаралық  отбасы  күніне орай «Үлгілі отбасы-тәуелсіз елдің тірегі» атты кеш өткізді. Мәдени шараға №1  Күршім орта мектебінің, №3 Күршім гимназиясының  8,10 сынып оқушылары және жастар қатысты.   

Кеш қонақтары -  ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақтекенов Есманбек,   «Рауан-Заря» газетінің тілшісі, Нұр Отан штабының белсенді мүшесі Бурханбаева Кенжегүл Мәдени шарада отбасы, отбасындағы бала тәрбиесі туралы сөз қозғалды. Келген қонақтар өздерінің отбасы, дұрыс тәрбие беру жолдары,  әлпештеген әке мен аялаған ананың рөлі, жалпы отбасының қоғамдағы орны жайлы өздерінің  өмірлік тәжірибеден алған келелі ой-пікірлерімен бөлісті.

Кеш барысында Мәдениет үйінің режиссері Назерке Жанатова «Отбасы» өлеңін мәнерлер оқыды. Сондай-ақ Мәдениет үйінің әншісі З.Солтанғұлов «Әке», «Ана» атты әндерін С.Ахметовтың баянмен сүйемелдеуімен тамылжыта шырқады. Мәдени шара  «Кім тапқыр» ойынымен жалғасты. Бұл ойынға оқушылар қызыға қатысып, белсенділік танытты. «Тәрбие отбасынан басталады» атты кітап көрмесі топтастырылды. Кеш соңында  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.А. Смаилова отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.