Дұйсенбi , 20 Мамыр 2019 г. 07:29

Байқау өтті

14 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Абай атындағы аудандық көркемсөз оқу шеберлерiнiң байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды табу болды.

Байқау ережесі бойынша,  2019 жылы атап өткізілетін мерейтойлар тізбесіне байланысты: 1) Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан және қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармаларынан үзінді оқу; 2) Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Әлия Болатова Қ.Нұрғалиев атындағы гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі  жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды. 1 орынды Адал  Шуақ  №1 Күршім орта мектебінің 11 сынып оқушысы, 2 орынды Сыранова  Жайна  Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы, 3 орынды Қыдыкенова  Дина №3 Күршім гимназиясының 10 сынып оқушысы  иеленді. Жеңісова Мөлдір №3 Күршім гимназиясының  11 сынып оқушысы «Үздік поэзия» номинациясын, Алиханова  Жанерке  Теректібұлақ орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі «Сахна шебері» номинациясын, Байғабылова  Мархабат Алғабас орта мектебінің  11 сынып оқушысы «Қара сөздің хас шебері» номинациясының   иегері атанды.

Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды, ал жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.