Дұйсенбi , 20 Мамыр 2019 г. 07:33

Семинар өткізілді

2019 жылдың 15 мамыр күні аудандық әкімдіктің үлкен залында Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Эльдар Төлеубекұлы Төлеубеков, облыс әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Ринат Арыстанбекұлы Арыстанбековтардың және учаскелік сайлау комиссиясы төрағалары, хатшыларының қатысуымен семинар өтті.

Семинарда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының негізгі ережелері түсіндіріліп, әдістемелік және тәжірибелік нұсқаулықтар берілді. Қатысушылар сұрақтар қойып, мардымды жауаптар алды.