Дұйсенбi , 20 Мамыр 2019 г. 07:32

Марқакөл ауылдық округінде Ұлы Жеңіс мерекесіне  арналған теннис ойыны мен волейбол жарысы болып өтті

Ұлы жеңіс мерекесіне орай Марқакөл ауылдық округінде  №1 Марқакөл орта мектебінің спорт залында Кеңес Одағының батыры А.С.Крахмаль атындағы үстел  теннисінен  ерлер арасында жекелей біріншілік болып өтті. Теннис ойыны  өте тартысты және қызықты өтті. Көз ілдірмей өз жылдамдықтарымен көзге түскен ойыншыларымыздың арасынан топ жарып, бірінші орынға ие болған  А.Буканов болса, екінші орынды иеленген  О.Карипчалов, үшінші орынды Р.Зайнултдинов иеленді. Мерекеміздің жалғасын Совет Одағының  батыры А.П.Кукин атындағы Жеңіс мерекесі құрметіне орай ерлер арасында  волейбол ойынымен жалғастырды. Жарысымыздың салтанатты ашылуын Марқакөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Қизатов жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, спортшыларымызға сәттілік тіледі  Күршім колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Самарханова жарысқа қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан әрбір мекемелерден үш команда қатысты. №1 Марқакөл орта мектебі командасы,  «Ауыл жастары» командасы және Қалжыр командасы бақтарын сынап, жарысқа шықты. Жарысқа қатысқан барлық командалар өз кәсіби шеберліктерін көрсете алды. 4 команданың ішінде дара шыққан,  №1 Марқакөл орта мектебінің командасы бірінші орынды еншілесе, екінші орынды «Ауыл жастары» командасы, үшінші орынды Күршім колледжі командасы қанжығасына байлады. Жарыс қорытындысы бойынша команда аралық және жекелей танылған жарыс жеңімпаздарына Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.