Бейсенбі, 20 Маусым 2019 г. 09:47

Рәміздер күніне мерекелік шара

4 маусым күні Күршім ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Көк тудың желбірегені» атты мерекелік шара аталып өтті.

Іс шара Токаев - Бауыржан Момышұлы көшелері бойында Көк байрағымызды ұлықтаған велошерумен басталып, орталық алаңда мерекелік концертке ұласты.

Жастар ресурстық орталығында орталықтандырылған аудандық кітапхананың  ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты «Мемлекеттік рәміздер» атты фото және кітап көрмесі өткізілді.

Көрмеде рәміздерге байланысты фото суреттер мен танымдық кітаптар жұрт назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, айтулы мерекеге орай жастар арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен мараппатталды.