Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019 г. 06:51

«Мемлекеттік рәміздерім – тәуелсіздіктің нышаны»

2019 жылдың 4 маусымы күні  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Г. Кегенбаева 4-маусым мемлекеттік рәміздер күніне орай «Білім орталығында» «Мемлекеттік рәміздерім – тәуелсіздіктің нышаны» атты танымдық кеш өткізді. Оған Ю.А. Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебінің жанындағы сауықтыру лагеріндегі демалушы оқушылар қатысты.  Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің нышаны мемлекеттік рәміздеріміз. Мемлекеттік рәміз – бұл еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісі. Мәдени шара барысында әдіскер егемендігімізді айшықтайтын мемлекеттік рәміздерге және оның қалыптасы тарихына тоқталды. Балалар «Отан» Сондай-ақ «4-маусым-мемлекеттік рәміздер күні» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. «Рәміздер ел беделі» атты слайд көрсетілді.