Бейсенбі, 20 Маусым 2019 г. 09:51

Терек мамығы

Күршім ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі теректердің гүлдену кезеңімен өрт қауіпсіздігі шұғыл көтерілетінін ескертеді. Осы кезде көшелер, саябақтар және үйлер терек мамықтарын жамылып, терезе мен есіктер арқылы үйлер мен пәтерлерге кіреді. Сіріңке тақатсаң болғаны мамық оқ ұнтағындай тұтанады. Әсіресе мамық жеке ұйлер секторы мен газгольдер орнатылған жерлерде қауіпті.

Өрттердің терек мамығының салдарынан шығуына балалардың отпен ойнауы жиі себеп, сондықтан балаларға терек мамығы ермек емес, одан қауіп төнетінін  жиі ескертіп отыру керек. От мамықпен талай қашықтықпен жүріп өтіп, тез жанатын нәрсе тауып, өрт шығара алады.

Ата-аналарға балаларының бос уақытын алдын ала қамдануын, отпен ойынның қауіпті екенін түсіндіруін және сіріңкемен ойнатпай қадағалау қажет деп кеңес береміз. Тек ата-аналар және үлкендер тарапынан үнемі назар аудару ғана балалардың отпен ойнауынан шығатын өрттердің алдын алудың кепілі бола алады.