Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019 г. 06:47

Волейбол турнирі

2019 жылдың 7 маусымы  күні  аудан орталығында «Медицина қызметкерлері» күні  мерекесіне орай  аудан мекемелері арасында  волейбол турнирі өтті.  Салтанатты ашылу рәсімінде  Күршім аудандық  орталық  ауруханасының бас дәрігері  Марат Бахтиярұлы Блейменов құттықтау сөз   сөйлеп,  келген спортшыларға  сәттілік тіледі.  Турнирге  балалар  жасөспірімдер спорт мектебі, 2535 әскери бөлімі, 31767В әскери бөлімі, №өрт сөндіру бөлімі, №3 мектеп   гимназиясы, орталық аурухан, №1 Күршім орта мектебі  командалары қатысты.  

Турнир қорытындысы бойынша  3 орынды-2535 әскери бөлімі, 2 орынды- балалар  жасөспірімдер спорт мектебі, 1 орынды- 31767В әскери бөлімі иеленді.