Бейсенбі, 18 Шілде 2019 г. 13:41

Мерекелік шара: «Жасай бер, жайна – Ел астанасы-Нұр-Сұлтан»

2019 жылдың 5 шілдесі күні  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Г. Жакупова, Р. Кенжеханова Сарыөлең ауылдық клубында «Балдаурен» сауықтыру лагерінің демалушы оқушыларымен ел астанасы - Нұр Сұлтан күніне орай «Жасай бер, жайна – Ел астанасы-Нұр-Сұлтан» атты мерекелік шара өткізді. Шара барысында балаларға еліміздің бас қаласы Нұр Сұлтанның тарихы және жетістіктері туралы мәлімет берді. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға «Ойлы болсаң озып көр» атты викториналық сұрақтар ойыны ойнатылып, балалар белсене қатысты. «Сыр сұхбат» бөлімінде Нұр Сұлтан шахарында болған балалар қаланың көрікті жерлері туралы өз әсерлерімен бөлісті.  

«Арман қала- Нұр Сұлтан» атты слайд көрсетілді. Сарыөлең ауылдық клубының меңгерушісі Н. Мамиева, кітапханашысы Г. Амренова шағын мерекелік концерт ұйымдастырды. Сарыөлең орта мектебінің директоры Ж.Садуова мерекелік шараға қатысушыларды және жүргізушілерге ризашылығын білдіріп, мерекемен құттықтады.