Бейсенбі, 18 Шілде 2019 г. 13:38

«Шығыс-адалдық алаңы» жобасының Күршім ауданында іске  асырылуы туралы ақпарат 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарымыздың әлеуметтік жағдайын және табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға арналған маңызды тетіктер айрықша аталған. Соның бірі — сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресті жалғастыру.

Осыған байланысты біз қоғам өмірінің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Қазіргі таңда Елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін қолдана отырып, «Шығыс – адалдық алаңы» жобасын қолға алдық. Жобаға сәйкес, құрылымда жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары немесе орын алған елеулі тәртіптік теріс қылықтар үшін бірінші басшылар да жауапты болады.

2019 жылдың 2 мамыры күні  Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы  бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жанна Қабдолдақызы  бастаған мобильді топ мүшелері ауданымызға келіп «Шығыс – адалдық алаңы» жобасын іске асыруды талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық баяндаманы түсіндіру жұмыстарымен аудан әкімінің аппараты, мемлекеттік қызметшілер,  квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріменкездесу өткізді.

«Шығыс-адалдық алаңы» жобасының миссиясын орындау мақсатында, Күршім ауданы бойынша белсенді жастардан құралған ақпараттық насихат тобы 23 мамыр күні «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты флешмоб ұйымдастырып, Көкпекті ауданынан қабылданған эстафета Зайсан ауданына жолданды.

«Шығыс-Адалдық алаңы» жобасы аясында Күршім ауданында адалдық дүкендерін ашу бойынша  кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімімен, Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе отырып, аудан кәсіпкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.