Бейсенбі, 18 Шілде 2019 г. 13:48

Күршім ауданында 5 көпбалалы отбасына пәтір кілттері салтанатты түрде  табысталды

Көпбалалы және азқамтылған отбасыларын қолдау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің арнайы үш деңгейлі бағдарламасы әзірленіп, облыстық комиссия шешімімен «Парыз» қоры есебінен облыс, аудандарда кезекте тұрған 230 отбасы бір мезгілде пәтер кілттерін алды.

Осы салтанатты шара аясында, бағдарламаның бірінші кезеңіне сәйкес, 2019 жылдың 11 шілдесі күні Күршім ауданында кезекте тұрған 5 көпбалалы отбасы: Күршім ауылынан Ш.Семизбаева, С.Мурзаканова, С.Куцева, Сарыөлең ауылынан Ә.Әсетай, Г.Есимбек пәтер кілттеріне ие болды. Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Р.Умутбаева баспана кілтін салтанатты түрде табыс етіп, қоныстарыңыз құтты болсын деп жылы лебізін білдірді.

3 бөлмелі пәтерге ие болған көпбалалы ана Есимбек Гүлзира осылай бақытқа бөленетін жандар қатары көбейе берсін деп үлкен қуанышпен алғысын білдірді. Соңынан Қ.Тұрар атындағы Мәдениет үйінің әншілері ән-шашуларын тарту етті.