Сенбі, 17 Тамыз 2019 г. 19:51

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Тамашаның» тарланы, марқұм Уәйіс Сұлтанғазинді еске алу кеші өтті

29 шілде күні Қ.Тұрар атындағы аудандық Мәдениет Үйінде Күршім ауданы Ақсуат ауылының тумасы, көрнекті театр және кино актері, республикаға әйгілі өнер ардагері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, мәдениет қайраткері, талантты актер, «Тамашаның» тарланы, жерлесіміз, марқұм Уәйіс Сұлтанғазинді еске алуға арналған «Ұмытылмас асыл бейнең» атты кеші өтті.
Кешке марқұм Уәйіс ағамен драма театрында бірге қызмет істеген әріптесі М.Рахымқызы, Алматы қаласынан келген ағасы С.Рамазанұлы және сыныптастары, достары, жерлестері, ауыл тұрғындары қатысты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, өмірде артына өшпес із, өлмейтін сөз қалдырған өнер жүлдызы көзі тірі болса биыл 70 жасқа толар еді.
Кеш өнер сүйер қауымның көңілінен шықты.