Сенбі, 17 Тамыз 2019 г. 19:48

Екі отбасына пәтір кілті табысталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа әлеуметтік саясат" бағдарламасын қолдау, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына, көп балалы аналарды қолдау мақсатында, «Nur Otan» партиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында көмек көрсету жалғасуда.

31 шілде күні белгілі кәсіпкерлер Е.Сқақов пен Н.Қасымханов тарту еткен баспананың кілті көп балалы ана Н.Суюмбаеваға және аз қамтылған отбасы С.Шведуноваға табыс етілді. Күршім ауданының әкімі Д.Қажанов 2 отбасын қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, «Nur Otan» партиясы атынан сыйлықтарын тарту етті. Баспаналы болған отбасылардың демеушілік танытқан аудан азаматтарына алғыстары шексіз.