Сенбі, 17 Тамыз 2019 г. 19:44

«Әлемдік жүгіру-2019» алаулық эстафетасы өтті

4 тамыз күні Күршім ауылының орталық алаңында «Әлемдік жүгіру-2019» алаулық эстафетасы өтті.

1987 жылдан  бастау алған эстафетада осы күнге дейін 10 миллионнан астам  адам қатысты. Команданың құрамында  Казахстан, Россия, Латвия, Белоруссия мемлекеттерінің өкілдері бар. Бұл эстафета 22 шілдеде Ресей  Федерациясы Омск қаласында басталды. Жол картасы -  Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан бастап Зайсан көлінен Бұхтырма су қоймасы айналасынан өтеді. Жүгірушілер Өскемен мен Шемонайха қалалары арқылы Омск қаласына қайтады. Спортшылар күн сайын 130 шақырымнан 200 шақырымды жүгіріп өтеді.

Эстафета Марқакөл аумағынан өтіп аудан орталығына жетті Машрут Сарыөлең ауылдық округінен өткенде, әлемдік жүгірушілерге Күршім ауданы атынан Барақ батыр және Сарыөлең ауылының спортшылары қосылды.. Күршім ауылында спортшыларды салтанатты түрде қарсы алып, Қ.Тұрар атындағы мәдениет үйінің шағын концертіне ұласты.