Сенбі, 17 Тамыз 2019 г. 19:47

«Абай салған дара жол»   атты анымдық сабақ

2019 жылдың 7 тамызы күні  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашы Г.Жакупова №3 Күршім гимназиясының оқушыларымен,  мұғалімдерінің қатысуымен «Абай салған дара жол»  атты танымдық сабақ өткізді. Кітапханашы қазақтың  ұлы ақыны, философ, заңгер, аудармашы, сазгер, дара ойшыл, кемеңгер, гуманист, қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз Абай Құнанбаевтың  өнегелі өмірі, балдәурен балалық шағы, өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі, бала Абай туралы қызықты мағлұматтармен таныстырып, баға жетпес құнды шығармаларына шолу жасап өтті. Абай өлеңдерін оқушылар М.Қабдылғалам, Е.Нұрбеков мәнерлеп  оқып берді. Сабақ соңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақ басшысы Д.Ахметовтың бастамасымен жарық көрген «Абай әлемі» сериясымен шыққан  кітап көрмесіне шолу жасалды.