Жексенбi, 15 Қыркүйек 2019 г. 22:58

Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі сержанттар және сарбаздар құрамы бос орындарын келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге үміт білдірген әскери есепте тұрған әскери міндеттілермен сапалы жасақтау мақсатында «Шығыс» ӨБҚ ҰҰ 3477 әскери бөліміне атқыш, В,С,Д,(Е) санатты жүргізуші-маман, электрожүйесін орнату, жабдықтау мамандықтары бойынша үміткерлерді іріктейді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- жасы 30-ға дейінгі;

- әскери билеттің немесе әскери-техникалық мектепті бітіргені туралы куәліктің болуы;

Әлеуметтік пакет: тегін тамақ, әскери киім-кешектермен қамтамасыз ету, медициналық қамтамасыз ету, тұрғынүй жинақтау банкіне әрбір отбасы мүшесіне пәтерді жалдау бойынша ақшалай аударымдар.

Барлық сұрақтар бойынша Күршім ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мынандай мекен-жайы бойынша Күршім ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі 118 үй хабарласуға болады.

Күршім ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы  майор Е. Оскенбаев