Жексенбi, 15 Қыркүйек 2019 г. 23:00

Жолдауды талқылау бойынша актив жиын өтті

2019 жылдың 9 қыркүйегі күні  аудандық әкімшіліктің үлкен залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіріп, талдау бойынша актив жиыны өтті. Кездесуге мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.
Жиын  барысында Күршім ауданының әкімі Д.Қажанов баяндама жасап, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді.
Жарыссөзге Білім деру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, Күршім ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Ә.Қосамбеков, көпбалалы ана С.Мырзақанова, "Кәсіпкерлер палатасының" бизнес тренері Е.Карибжанов,  Жастар ресурстық орталығының директоры Қ.Оралбекұлы  өэ пікірлерін білдірді.