Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 г. 12:24

Қазақ күресінен Республикалық турнир

2019 жылдың  14 қыркүйегі күні «Барақ батыр» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің  «Құрметті қызметкері», самбо күресінен  КСРО  спорт шебері  Мұратбек Базархатұлы Дуановты еске  алуға арналған,  қазақ күресінен  жасөспірімдер арасында  республикалық турнир  өтті. 

Турнирге Абай, Тарбағатай, Қатонқарағай, Үржар,  Күршім  аудандарынан, Семей, Өскемен қалаларынан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстары  мен Ұлттық   құрама  командалары қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша   жүлделі  1- орын Тарбағатай ауданы, 2-орын Ұлттық құрама, 3-орын Абай командалары қатысты.