Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 г. 12:28

«Сөз мерген» атты жастар арасында интеллектуалды ойыны

Қазақстан халқының тілдер күніне орай  Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі  және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылуымен «Сөз мерген» атты жастар арасында интеллектуалды ойын өтті. Ойын 5 кезеңнен тұрды:

I кезең – «Білімді мыңды жығар» сұрақтарға жауап беру;

II кезең –«Сөздің көркі — мақал»ұсынылған суреттер тақырыбына сай мақал-мәтел атау;

III кезең – «Ұшқыр ой» логикалық тапсырмаларға жауап беру;

ІV кезең –«Мықты болсаң, тауып көр» экранда берілген сөздерден сөз тіркесін құрау;

V кезең –«Көшбасшы» қатысушыларға ортақ тақырып тасталып,қатысушылар жеребе арқылы тақырыпты қолдау немесе қарсы пікір айту бойынша сынға түсті.

Интеллектуалды ойынға ауылдық округтерден барлығы  9  жас қатысып, әрбір кезең қортындысы бойынша 2 қатысушыдан ойыннан шығарылып отырды. «Көшбасшы» кезеңіне 2 қатысушы жолдама алып «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» тақырыбында өзара пікір таласқа түсті. Сайыста мергендік танытып, білімділігін дәлелдеп Қ.Нұрғалиев атындағы гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Арман Мұратұлы Сөз мергеннің «Көшбасшысы» атанса, І орынды  Алғабас  орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Елдар Булатқанұлы, ІІ орынды Қаратоғай орта мектебінің мұғалімі Жұпар Қабылғазықызы,  ІІІ орынды  «Ю. Гагарин атындағы №1 орта мектебінің мұғалімі Ақтоты Қасымканқызы иеленді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.