Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 г. 12:24

«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) аясында тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Бүгінгі таңда Іс-шаралар жоспарына және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес кириллицадан латын графикасына қайта кодтаушы (qazlatyn.kz) https://www.qazlatyn.kz/converter/text конвертер бағдарламасын және  басқа күнделікті жұмыс барысында қолданылатын «termincom.kz», «tilalemi.kz», «sozdikqor.kz», «emle.kz», «atau.kz», «balatili.kz», «tilqural.kz» сайттары (http://tilalemi.kz/, https://sozdikqor.kz/, https://tilqural.kz, http://balatili.kz/, https://www.qazlatyn.kz/, http://emle.kz/, http://atau.kz/, https://www.qazlatyn.kz/converter/text, http://termincom.kz/, https://tilmedia.kz/) пайдаланылуға берілді.