Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 г. 12:27

Семинар–тренинг өтті

2019 жылдың 4 қазаны күні  Күршім аудандық кітапханасында  семинар-тренинг өтті. А.С.Пушкин облыстық кітапхананың әдістемелік орталығының жетекшісі Мязова Раушан Слямбекқызы Президентіміздің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының халықтың және елдің ең маңызды, өзекті және өткір проблемаларына тоқталып, Жолдауда аталып өткен 2020 жылғы маңызды мерейтойлар мен оқиғалар деген бөлімге тоқталып, атап айтқанда Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын кітапханада өткізуде қандай жұмыс түрлерін қолдануға болатыны жөнінде кеңестер берді.

Семинар–тренингті  ШҚО А.С.Пушкин атындағы облыстық  кітапханасы, өлкетанушы-библиограф Кемешева Меруерт Нигметолдановна жүргізді. Кітапханашылар топқа бөлініп, осы аталып өткен іс-шараларды жаңаша қалай өткізуге болатыны жөнінде топтық жұмыс жүргізіп, өз ойларын ортаға салып, бөлісті. Топтық жұмыс нәтижесінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту іс-шараларының түрлі формалары: Абай шығармаларына арналған буктрейлер, М.Ә.Абай жолы романының желісімен квест, әлеуметтік желілердегі онлайн оқулар, «Ақылды аялдама» эстафетасы т.б. көптеген жаңаша түрлерін өткізуді талқылады.
Қатысушылармен өлкетанушы-библиограф Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы кітапхана сайтындағы өлкетану ресурстарымен http://kray.pushkinlibrary.kz/kz/, Біздің Абай-Наш Абай электронды кітапханасымен http://irbis.pushkinlibrary.kz:8087/jirbis2/index.php… интерактивті жұмыс жүргізді.