Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 г. 12:19

«Жастар жылы» құрметіне  өткен  футбол  турнирі

2019 жылдың 4 қазаны күні Сарыөлең  ауылында  «Жастар жылы» құрметіне  аудан  әкімінің  жүлдесі  үшін үлкен  футболдан  аудандық  турнир  ұйымдастырылды.  Турнирге  ауданның  ауылдық  округтері  мен мекемелерінің  командалары  қатысты.  Турнирді ашқан  мәдениет,  тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және  спорт  бөлімі  басшысының орынбасары Қайрат Тоқанұлы Бахтияров  спортшыларға  сәттілік тіледі.

Аса  тартысты өткен  турнир  барысында  өздерінің  барлық  қарсыластарынан  мықты  екенін  танытқан  Күршім ауылдық  округінің  командасы  1 орынды,  2 орынды 31767 «В» әскери  бөліміні, 3 орынды Сарыөлең  ауылдық  округінің  командасы  иеленді.

Турнирдің  «Үздік қақпашы»  болып 31767 «В» әскери  бөлімінің  ойыншысы Ринат Мамаев, «Үздік  қорғаушысы»  болып  Күршім ауылдық  округінің  ойыншысы Жансерім  Бауыржанов, «Үздік шабуылшысы» болып  Сарыөлеңдік жас талант Нұрсұлтан Ақатаев танылды.  Турнирдің «Үздік  ойыншылары  мен жеңімпаздар,  жүлдегер  командаларына  аудан әкімінің  атынан ақшалай  сыйлықтар мен құрмет грамоталары табысталды.