Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 г. 12:30

«Қарты бар ел –қазыналы ел»  атты мерекелік кеш

«Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Г.  Кегенбаева Р.Кенжеханова  мен мәдениет үйінің қызметкерлері 1-қазан қарттар күніне орай  «Қарты бар ел –қазыналы ел»  атты мерекелік кеш өткізді. Мәдени шараға ардагер кітапханашылар және мәдениет қызметкерлері қонағымыз болды. Олар талай жылдар мәдениет саласында қажырлы еңбек еткен ардагер кітапханашылар Мұқанова Нұрғайни, Орехова Татьяна  және Мамырбекова Бижамал,  Шабудинова Ләззәт, Қайшантаева  Гүлдарай  өздерінің қызметтері жайлы, қызықты сәттері туралы әңгімелеп берді. Қонақтардың құрметіне мәдениет үйінің әншілері  С. Ахметовтың баянмен сүйемелдеуімен тамылжыта ән шырқады.

Келген қонақтарды мерекелерімен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Ф. Өлмесеков, Күршім аудандық кітапхана директоры Г.Ә. Смаилова, мәдениет үйінің директоры Г.С. Кұсаинова құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.