Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 17:53

Жүлдемен оралды

Жерлесіміз, Күршім қол күрес мектебінің өкілі Мөлдір Дәулетханқызы Қалиқанова Румынияның Констанца қаласында 29 қазан - 4 қараша аралығында қол күрестен өткен Әлем чемпионатына қатысып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
Алғашында жасөспірім қыздар арасында 70- кг жоғарғы салмақ дәрежесінде сынға түскен Мөлдір оң қолымен күресте Ресей өкіліне жол беріп күміс жүлдені еншіленді.
Екінші күні ересек әйелдер арасында 90- кг салмақта сынға түскен Мөлдір оң қолымен күресте екінші орынды, сол қолымен күресте үшінші орынды жеңіп алды. Осы жеңісінің нәтижесінде Мөлдір Қалиқанова қол күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Мөлдірді осы жетістіктерге дайындаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Баймұханбетов. Жеңіс құтты болсын!