Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 18:17

Дөңгелек үстел өткізді

2019 жылдың  5 қараша күні  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы Г.Жаменкенова «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты дөңгелек үстел өткізді.

Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар ол жас ұрпақ.  Дөңгелек  үстел қонақтары  «Қазақстан республикам менің», «Қазақстан менің көзіммен» атты тақырыптарына өз пікірлерін  шеберлікпен білдірді.  Сондай-ақ  бүгінгі біздің жас ұрпақ Қазақстанның керемет болашағын қалай суреттейсіздер?, Болашақта Қазақстан елу елдің қатарына қосылып, дамыған елдермен терезесі тең өмір сүріп жатқанын  қалай елестетесіздер? т.б.сұрақтарға КАСУ коледжінің кітапхана ісі факультетінің студенттері толығымен жауап берді.

Күршім жастар ресуртар орталығының жастар ісі бойынша әдіскері Ш.М.Апсеитова жастар орталығы 14-29 жас аралығындағы жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстармен айналысып, білімді, белсенді жастарға жан-жақты қолдау көрсететін, жастар бастамаларына бағыт-бағдар бере отырып, Жастар саясатын іске асыратын  орталық болып табылатығындығын айта кетті.

Қабдолда Тұрар атындағы Мәдениет үйінінің әншісі, бірнеше тілде ән шырқап, көптеген фестивальмен, конкурстарының жеңімпазы, елге танылған, «Дарын» вакалдық тобының жетекшісі М.Б.Нүрпеисова, сондай-ақ  Мәдениет үйінің  артисі, биші- қобызшы, аудандық «Шабыт» бишілер тобының жетекшісі И.Б.Бақытқанова  егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар ол жас ұрпақтар біз деп, сондықтан  да жас ұрпақ-ертеңгі болашақ  иелері болу үшін білім, еңбеққорлық қажет етеді деді.

Кітапхана директоры  Г.Ә.Смаилова  өз сөзінде біз Қазақстаның өмірі жарқын болатына сенімдіміз, өйткені   бүгінгі болашақ  білімді  де білікті жастардың қолында екендігі жайында айтып өтті.  Мәдени іс- шара барысында тақырыпқа сай слайд  көрсетілді