Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 18:00

Сабақ өтті

2019 жылы 7 қараша күні «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы Г.Жаменкенова «Қол өнер» үйремесінде жапырақтардан, ермексазбен аппликация жасау сабағын өткізілді. Оқушылар табиғатты сүюге, аялауға және де табиғат материалдарынан көптеген жұмыстар жасауға болатынын біліп және үйренді.
Сондай-ақ «Менің сүйікті кейіпкерлерім» атты үйірмесінде балалар ауыз әдебиетімен танысты.
Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған. Бүгінгі сабағымыз «Мақал мәтелдерге» арналды.