Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 19:49

«Қарттарым  асыл-қазынам»  атты  концерт

6-шы   караша күні  Қ. Тұрар  атындағы  аудандық  Мәдениет  үйінде  Елеулі  еңбектерімен  абыройға  ие  болып, өнегелі өмір  белестерінен  асып,  алуан түрлі келелі  істерге үйытқы болған, тәуелсіз Отанымыз  үшін, аудан  жастарының болашағы үшін  үлгі  -өнеге  көрсетіп, туған  жеріміздің дамуына   өлшеусіз  үлес  қосып,жалғастырып,  келе  жатқан, ауданымыздың өркендеуіңе игі  жол  салып, еңбегінің  зейнетін  көріп  отырған  аудан ардагерлерінің   күшімен  дайындалған  ауыл  тұрғындарына  арналған «Қарттарым  асыл-қазынам»  -атты   концертті өтті.Кешке  аудан тұрғындары, жастар, аудан  орталығындағы  мектеп  оқушылары  қатысты.Концертке  Қалғұты,  Баурабай, Сарыөлең  ауылдық  округінің  ардагерлеріде қатысып  өз  өнерлерін  ортаға  салды. Мәдениет саласының ардагерлері Қ. Абдрахманов,  Т. Мамырбеков, Г, Мынғатова, Л. Утеулинова, Г. Қайшантаева,Б. Өлмесеков, білім  саласының  ардагерлері   С. Искаков, К. Әділбекова,З. Тұрғанбаева,М. Нұржанова,Қ.Досанова, Ш. Маденов,медицина  саласының ардагері Н. Серікбаева, ауылшаруашылық  саласының  ардагері М. Мендібаева, Г. Мұхаметханова, сауда  саласының  ардагері Б. Омаржанованың  әндері мен билері халықтың  жүрегін  жаулап  алды. Концерт жоғары  дәрежеде өтіп. Концертті  160- тан  аса көрермен тамашалады.