Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 18:11

Форум өтті

2019 жылдың желтоқсаны күні 23 «Жастар жылын» қорытындылау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы  Өскемен өңірі өкілдігігінің бастамасымен «Рухани жеті қазық жастардың көзімен» атты форум өтті. Форумға Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Дәулет Қабидолдин, Қазақстан  Мұсылмандар  Діни басқармасының Өскемен аймағы, Күршім аудандық орталық мешітінің бас имамы Тілейбек Соянұлы, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, көршілес аудандардың, ауылдық округ мешіттерінің имамдары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар, зиялы  қауым, ақсақалдар,  БАҚ өкілдері  қатысты. Жиын барысында жастарға діни сауаттылық туралы дәрістер оқылды.