Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 18:07

«Казахстанская правда» газетіне 100 жыл» танымдық сабақ

10.01.2020 жылы «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашылар Г.Жаменкенова, Г.Жакупова №1 Күршім орта мектебінің 11 сыныбы оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Казахстанская правда» газетіне 100 жыл» атты танымдық сабақ өткізді.

Кітапханашылар биыл жүз жылдық межесіне жеткен республикалық ұлттық басылым – «Казахстанская правда» газетінің шығу тарихымен таныстыра келе  газет ұлттық басылымға айналу мақсатын жүзеге асырып қана қоймай, нақты және сенімді ақпараттың қайнар көзі ретінде ел оқырмандарының мойындауына ие болғандығы жөнінде, сонымен қатар  «Казахстанская правда»  саяси және  әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдап, нарықты қайта құру, мемлекет егемендігіне қол жеткізу, демократияны дамыту, азаматтық бейбітшілік пен халықаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыруда ұлт тарихының шежіресі екенін толықтай дәлелдегендігін де айтып өтті.

Сабақ барысында кітапханашылар «Казахстанская правда» газетінің биылғы жылғы басылымдарымен таныстырып шолу жасады.