Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 19:16

Тақырыптық кеш өткізді

2020 жылдың 10 қаңтары күні  «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ кітапханасының кітапханашы Р.Кенжеханова №1 Күршім орта мектебінің,  7 «а» жас сарбаздар,  8 «а» кадет сыныптары мен жетекшілері Е.С.Ақтекенов, Ү.Х. Қайролланың қатысуымен «Ұлттық ұлан –ел тыныштығы» атты тақырыптық кеш өткізді.

Кеш барысында Ұланы бар елдің ұраны  да бар демекші жауынгерлік жанұядай ұйысқан Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған  деген ұранды ұстанған жас сарбаздарға кітапханашы 10 қаңтар ұлттық ұлан күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленгендігін, «Ұлттық ұлан»  егемендікпен бірге есейіп, жауынгер ата-бабаларымыздың ізін жалғап, әскери антқа адалдығы,  Қазақстан Республикасының Президенті мен халқына мүлтіксіз қызмет етіп жүргендігі жайлы айта келе Ұлттық ұланымыздың құрылу тарихына да тоқтала кетті.

Кітапханашы Б. Момышұлының кітаптарына, Ж.С.Иманасовтың «Әскери құрылымдарда іс жүргізу» атты кітабына шолу жасады.