Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 18:26

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау», «Өсімдіктер карантині» заңдарына   еңгізілген өзгерістер

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңының 20-бабы  «Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi» бойынша фитосанитарлық шараларды қаржыландыруда өзгерістер еңгізілді (келесіде заң). Яғни, осы заңның 1 тармағы 2,4 тармақшаларына сәйкес, бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар: саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды; саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды;
        Осыған сәйкес қауіпті және аса қауіпті организмдерге фитосанитарлық іс – шаралар, азиялық,итальяндық прус және саяқ шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитарлық іс – шараларды қоспағанда, кәсіпкерлік субьектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады (20 баб,3 тармақ).

Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне де толықтырулар еңгізілді: саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне кіреді (пп 4-1 статья 9). Соған сәйкес, пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер   бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады (20 баб ,1 тармақ, 8 тармақшамен толықтырылды).
          Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерiне де өзгерулер мен  толықтырулар еңгізілді:1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге тиісті;
 Енді, жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарындағы аса қауіпті зиянкестерге қарсы фитосанитарлық іс шаралар жүргізуі қажет (14 -5 бап)

ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңына сәйкес, зияндылықтың экономикалық шегінен асатын саны бар қауіпті және аса қауіпті  организмдерге қарсы өңдеуге арналған пестицидтар мен биоагенттердің (энтомофагтардың) құны субсидияланатын болады. Субсидиялауды жүзеге асыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыретіне жатады.

Қауіпті және аса қауіпті зиянды организмдерге фитосанитардық іс – шаралар жүргізу ауыл шаруашылық тауар өндірушілер міндеттеріне кіргізілгендіктен  ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 137 бабы 3 тармағы 10 тармақшасына  сейкес өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарына құқықтық статистика органдарында тіркеусіз бақылау жүргізе алады.

Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға пестицидтердің тасымалдануы кірмейді, ал пестицидтерді сату бойынша бақылау жүргізіледі.

Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау пестицидтерді өндіру (формуляциялау), сақтау, өткізу және қолдану кезінде өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттері талаптарының сақталуына   бақылау жүргізеді.

Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру үшін өсімідіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті кеңейтілді.Яғни, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік инспекторлардың фитосанитарлық бақылау обьектілеріне кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Зиянкестердің зиянды ошақтарын, пестицидтерді сату,сақтау, пайдалану  және әкелу фактілерін ,мемлекеттік тіркеуден өткен - өтпегендігін анықтау үшін өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілі бір аумақ пен нысандарға зерттеу жүргізе алады, яғни белгілі бір нысандарға барып профилактикалық бақылау жүргізе алады.

- залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкелуге және карантиндік объектілердің таралуына жол бермеу негізінде уақтылы шараларды қабылдау мақсатында уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды, шұғыл шараларды енгізу тәртібін бекіту жөніндегі ұғым мен құзырет анықталды - карантиндік объектілердің өміршеңдік қабілетін айыру және ағаш буып-түю материалын зарарсыздандыру бойынша технологиялары бар кәсіпорындардың есебін жүргізу - өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторларды бақылау, іске асыру функцияларын жүзеге асыру кезінде бейне және фото фиксация құралдарымен жарақтандыру

- карантинге жатқызылған өнімге тек әкелінетін ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды белгілеу;

Жабаева Г.М.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министірлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекция басшысының м.а.