Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 19:08

«Ізеті   мол қазақтың  келіндері-ай» байқауы

7  ақпан  күні  Қ.Тұрар  атындағы   аудандық  мәдениет  үйінде  «Ізеті   мол қазақтың  келіндері-ай» - атты аудандық келіндер байқауы  өтті. Байқауға   Марқакөл, Қайнарлы, Сарыөлең,  аулдарының   келіндері қатысты. Байқаудың шарты бойынша  келіндер өзін өздері таныстырып, берілген сұрақтарға жауап беріп, қол-өнерлерін көрсетіп, өнер сайыстарынан сынға түсті. Сайыс қортындысы   бойынша  «Ізеті   мол  қазақтың  келіндері-ай» -байқауының  Бас жүлдесің  Марқакөл  ауылдық округінен   Л.Байсаринова, I-орынды  Қайнарлы  ауылдық  округінен А.Бекбаева және  Сарыөлең ауылдық  округінен Гүлжанат  Адал,  II-орынды  Марқакөл   ауылдық округінен Г. Толғанбайқызы  иеленді.  «Ізеті   мол қазақтың  келіндері-ай»» байқауына қатысушыларының барлығы бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.