Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 18:19

Кездесу кеші өтті

10 ақпан күні Қ. Тұрар атындағы Мәдениет үйінде «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Г.Жаменкенова, Г.Жакупова және аудандық Қ. Тұрар атындағы Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай, «Ауған соғысы- ұмытылмас ерлік» атты кездесу кешін өткізді.
Кешке Ауған ардагерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2535 әскери бөлімінің жеке құрамы, Мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, Күршім кітапханалық пунктінің көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандары, мектеп оқушылары, ұстаздары қатысты.
Кітапаханашылар тарих бетінен сызып алып тасталмайтын Ауған соғысының тарихымен таныстырып, «Ауған жаңғырығы» атты кітаптарға шолу жүргізді.
Сыр сұхбат бөлімінде Мәдениет үйінің қызметкері Қ.Ахметованың қойған сұрақтарына Ауған ардагерлері сол кездегі бастарынан өткен оқиғаларын баяндап берді.
«Нұр Отан» партиясының Күршім аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары М. Ж. Калелов, 2535 әскері бөлімінің тәрбие, әлеуметтік- құқықтық және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері майор А.А.Абылғазы , Күршім аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығының м.а. капитан А.Ж.Досанов, кітапхана директоры Г.А.Смаилова ардагерлерге құттықтау тілектерін айтты.
Кеште Мәдениет үйінің әншілері З.Солтанғұлов, Ә Әскербек, «Іңкәр» тобы, және оқушылар Ә. Қабдікарім, Ә. Мухамедов ардагерлерге арнап әннен шашу шашып, №4 мектебінің 10 сынып оқушысы М.Зиядуллоева «Афганистан, как камень в сердце» атты өлеңін оқыды. Кеш барысында тақырыпқа сай слайд, бенероликтер көрсетілді.