Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 19:34

«Кітап білім бұлағы» атты ертеңгілік

2020 жылдың  12  ақпаны күні «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  кітапханашысы  Г.Жаменкенова  Н.Островский атындағы  № 4 Күршім орта мектебінде 4 сынып оқушыларымен  «Кітап білім бұлағы» атты ертеңгілік өткізді.

Кітапханашы балаларға кітаптың шығу тарихымен таныстырды.  Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болғаны туралы мағлұматты  қызыға тындады. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған.

Тақырыпқа сай оқушылар тақпақтар оқып, мақал мәтелдер айтты, жұмбақтар шешті. Мәдени іс- шара барысында «Кітап асып таспайтын асыл досымыз» атты слайд  және    «Алғашқы кітап қалай шығарылды» бейнеролик көрсетілді.