Сенбі, 29 Ақпан 2020 г. 17:47

Дәстүрлі  турнир

2020  жылдың  13 ақпаны күні  Алғабас ауылында  Ауған жерінен  Кеңес әскерлерінің   шығарылуына  жыл  құрметіне  қазақша күрестен  2004-2006, 2007-2008, 2009-2010  жылдар туылған жасөспірімдер арасында  аудандық  турнир өтті.

Турнирдің  ашылу  салтанатында «Nur Otan»  партиясының  аудандық филиалының  орынбасары М.Қалелов, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімінің басшысы Қ.Бахтияров,  ауған соғысының ардагерлері Қ.Қизатаев, Б.Қалиев, БЖСМ директоры Е.Сырымбаев,  Алғабас орта  мектебінің  директоры М.Екібасов  спортшыларға  құттықтау  сөз айтып, сәттілік  тіледі.

Осы додаға: Күршім, Қалжыр, Қаратоғай, Сарыөлең, Бірлік, Барақ батыр және Алғабас  ауылынан   100- ге тарта  спортшы қатысты.  Жарыс қорытындысы бойынша  төмендегі спортшылар  чемпион атанды: Қабикенов Нұрділда, Талғатұлы Әлихан, Елеусізов  Қуаныш, Мамаев  Шерхан, Қазымбеков Назар, Бауыржанұлы Бекзат, Тұрсын Дарын, Ақбаев Әди , Мағидолданов Дамир, Мамаев Шоқан,  Жәнібекұлы Ақниет, Мұхаметқалиев Темірлан, Зәкенов Нұрдәулет, Қалиақпаров  Бегзат, Жеңісбеков Берік, Скаков Әбубәкір,  Какешов  Еламан, Адынов Демесін.

Жеңімпаз  спортшылар  мадақтама  грамоталар мен  медальдармен  марапатталды.

Ауданда қазақ күресі  бүгінгі таңда  өте қарқынды  дамуда.  Спортшыларымыз түрлі додада  топ жаруда.  Осы спортшыларды машықтайтын БЖСМ-ң жаттықтырушыларына  айтар алғысымыз зор.